• Мектеп туралы

Атауы"Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат - лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ББМ ұйым. формасыУчреждение
Білім беру мекемесінің типіЖалпы орта білім беру ұйымдары
ББМ түрімектеп-интернат
Ұйымд. құрылымСамостоятельное учреждение
Меншік формасыГосударственная собственность
Сипаттама

Аудан орталығында 1970 жылы сегіз жылдық болып ашылған №14  мектеп –интернаттың жарты ғасырлық тарихы бар. 1974 жылы он жылдық мектеп-интернат болып керегесі кеңейді. Осы уақыт аралығында аталмыш алтын ұядан түлеп ұшқан мыңнан аса шәкірттер Республика түпкірінде өз мамандықтары саласында шеберлік шыңдарына жетіп жүрген танымал адамдардың осы мектептің түлектері екенін мақтан етеміз.

1988 жылы көрнекті ақын, классик жазушы, көркемсөз шебері, әдебиет майталманы жерлесіміз Т.Әлімқұловтың есімін иеленді. Аудан әкімі Қуаныш Айтаханов мырзаның ұсынысымен 1994 жылдан бастап бұл мектеп лицей – интернат талабына сай қайта жасақталып, оқушыларға жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бағытында тереңдете оқытылып, эксперимент алаңы ретінде жұмыс жасады.

1997 жыл мектеп тарихында алтын әріптермен жазылған жыл болды. Яғни, облыстық білім департаментінің бұйрығымен лицей - интернат статусына ие болды.

Мектеп интернат - лицейі гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын үздіксіз тереңдетіліп оқыту процесін базистік оқу жоспарына сәйкес жүргізуге арналған жалпы орта білім беретін оқу орнының бір түрі.

Мектеп интернат-лицейінің мақсаты: аудан мектептеріндегі дарынды оқушыларды конкурстық негізде іріктеп алып, олардың шығармашылық қасиетін нақтылы ғылым саласындағы, күнделікті сабақтағы теориялық білімін жетілдіріп, жоғары оқу орындарына даярлау, тәрбиелеу.

Мақсат төмендегі мәселелер арқылы жүзеге асырылады:

  • Балалардың шығармашылық ынталығын, белсенділігін ашу және оларға сол үшін ыңғайлы жағдай жасау;
  • Бір қалыпты динамикада оқушылардың жеке ынталығына нақты түрде диагностика жүргізу;
  • Оқушылардың әлеуметік позициясы жағынан белсенділігін қалыптастыру;
  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және жер табиғат жағдайына бейімделген жоғары интеллектуальды, адамгершілікті, өз маман кәсіпкерлерін, жоғары тұлғаларын дайындау;
  • Ұлттық және интернационалдық бірлікті салыстыру мен теңестіру негізінде салт-дәстүрлерін оқытып, дүние жүзі халықтарының дәстүрлерін құрметтеуге қалыптастыру.
Елді мекенАул Шолаққорған (Созақ ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан)
Аумақтық бағынуСозақ ауданы (Түркістан облысы)
Басқарушы мекемеСозақ ауданының білім бөлімі
Білім беру мекемесінің ашылу күні01.08.1970
Қызметкер128
Оқушы790

Мектеп жаңалықтары

  • Басшылық

  • Байланыс деректері

Телефондар
87254641195
Email
taken-suz@mail.ru
Мекен-жай

161000
Түркістан облысы, Созақ ауданы,
Шолаққорған ауылы, Молдағұлова көшесі №1 үй

Пошталық мекенжай 161000 Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Молдағұлова көшесі №1 үй