Мектеп туралы
Атауы | «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылсая ауылының жалпыорта білім беретін мектебі» |
ББМ ұйым. формасы | Мекеме |
Білім беру мекемесінің типі | Жалпы орта білім беру ұйымдары |
ББМ түрі | жалпы орта білім беретін мектеп |
Ұйымд. құрылым | Құрылымдық бөлімше |
Меншік формасы | Мемлекеттік меншік |
Сипаттама | Қызылсая орта мектебінің құрылу тарихы Бұл ауылда мектеп алғаш рет 1925 жылы ірге тасын қаласа/ оған басшылық жасаушы Бейімбетов Құлан/ 1932 жылы алғашқы рет екі бөлмелі ағаш үйде болған екен.
Кұлан Шайкенұлы мектептің бірінші басшысы Бастауыш білім беретін бұл мектепте одан әрі балдырғандар мен қатар сауатсыздарда білім алған. Жылжып жылдар өтіп ауыл гүлденіп өсе берді. Соған орай мектеп кең құлаш жайды. 1934 жылдан бастап жеті жылдық мектеп болып орнықты да 1946 жылдан қазақ орта мектебіне айналды. Жас ұландарға алғашқы кезде оқу жазда кигіз үйде, қыста жалдап алынған үйде ұйымдастырылған алғашқы оқытушылардың арнайы педагогикалық білімі де жоқ еді. Әйтсе де халық қамқорлығына бөлінген мектеп жылдан-жылға өсті, өз түлектерін өнер мен өмір жолдарына аттандыра берді. Содан бері мектеп ұясынан 1640 астам азаматтар өмірге жолдама алды. Еңбек ардагерлері мен соғыс ардагерлері арасынан Каким Халиолла, Маликов Мұрат, Шаймерденов Қабдош, Искаков Қайырбек, Тлегенов Молдаш, Мұханов Хажи-Акпар, Қурмангожин Айдархан, Айтбаев Мәлкен, Ельжасов Бағдат, Шайкенов Қасым т.б. қолдарына әліппесін алып, мектебіміздің сәби түлектері болды. Мектепте оқу алғашқыда төтенше оқу болды да, кейіннен латын әріпі бойынша жүргізілді. Бұл кезде Айтқұлов деген азамат балаларға білім негізін қалауда 1931 жылға дейін қызмет атқарды. Жоғарыдағы айтқан секілді 1934-1935 оқу жылынан «Қызылсая» деген атына сай жетіжылдық мектепке айналды. Сол кезде мектепті тәжірибелі ұстаз Сейпи Сейтбеков басқарды. Жаңа ғана колхоз орталығына айналған Қызылсая ауылына жан-жақтан жылдан жылға үйлер көшіп келе бастады. Бертін келе колхозымыз совхозға айналған, ол шаруашылықты басқаруға тәжірибелі, біліммен қаруланған адамдар/ Альдиев Аскербай –марқұм, Нургалиев Тасболат, Кусаинов К. келді. Олар осы мектепті өз қамқорлықтарына ала білді. Сондықтан мектебіміздің оқу- материалдың базалары нығая берді. Қазақ ССР – нің еңбегі сіңген мұғалім, Қазақ ССР-нің білім беру ісінің үздігі белгісін, Қазақстанға ерекше еңбегі сіңген зейнеткер атағын алған: Рыспамбетов Жекен Рыспамбетұлы. Оқушылар саны-50-ден -500 ге дейін көтерілген уақытында болды. Мысалы алғашқы салынған мектеп қасына 1964 жылы 191 балалық мектеп үйі /ол кезде мектеп директоры: Әбілмаженов Ш.А, содан кейін 1976 жылы Облыстық Советтің депутаты болып ұсынылған, сол кездегі Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші секретары Ауельбеков Е.Н. араласуымен 464 орындық мектеп/ оқу құрал жабдықтарымен түгелдей/ 1977 жылы 14 мартта пайдалануға берілді. Партияның ХХІV съезінің барысында мектеп жанындағы ескі интернат жатаханасы 60 орындық жатаханамен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыста сол съезд делегаты, осы мектептің мұғалімі /қазір құрметті демалыста/ Есенбаева М.Ж. еңбегін еске алмай кетуге болмайды. Мектебіміздің тарихында ерекше орын алатын ұйымдастырушылық қабілеті зор, педагог тік біліммен қаруланған мектеп басшылары: Қазақ ССР – нің еңбегі сіңген мұғалім, Қазақ ССР-нің білім беру ісінің үздігі белгісін, Қазақстанға ерекше еңбегі сіңген зейнеткер атағын алған: Шегиров Аюбай Шегірұлы Бейімбетов Құлан (марқұм) , Сейтжанов Сейпи, Баймагамбетов Қажыбай, Абуталипов Мүталлап, Құрлапов Хайролла, Алькеев Қаппас, Жұматаев Өмірзақ, Осипов Хамза, Ахметжанов Қадыр, Гинтаев Мұхтар, Муханов Хажи-Акпар, Абілмажинов Шамған, Токушев Мырзабек, Бексултанов Сағнай, Ахметов Анас, Бекенов Қайрат, қазір Калин Қабдрахман басқарды. Сол секілді оқу ісін меңгеріп, тәлім-тәрбие жұмысын жоғары сатыға көтеруге өз үлестерін қосқан :олар,Курмангожин Айдархан, Мұхышев Мырзабай, Ергожин Өміш, Есенбаева Морбан, Шегиров Аюбай, Айткенов Қалымжан т.б. Мектебіміздің абыройы ауылда ғана емес, аудан және облыс, тіпті де республика көлемінде белгілі мектепке айналды. Төгызкұмалақ ойыншылары : Сәлім Әсем -11 сынып окушысы,7 сынып окушысы Аюбаев Әмір мен жетекшісі Курмангожин Ғазез Айдарханұлы және мектеп директоры Рахымжанов Болат Сайлаубекұлы
|
Елді мекен | Село Қызылсая (Зеренді ауданы, Ақмола облысы, Қазақстан) |
Аумақтық бағыну | Зеренді ауданы (Ақмола облысы) |
Басқарушы мекеме | Отдел образования Зерендинского района |
Білім беру мекемесінің ашылу күні | 01.09.1925 |
Қызметкер | 23 |
Оқушы | 61 |
Мектеп жаңалықтары
Басшылық
-
Рахымжанов Болат Сайлаубекович
Директор, Мұғалім
-
Мухамбетжанов Тулеген Таупыхович
Директор орынбасары, Мұғалім
-
Мухамбетжанов Төлеген Таупыхович
Оқу ісінің меңгерушісі
Әкімшілер
Байланыс деректері
- Телефондар
- 8-716-32-34-3-73
- shkola.kyzylsayanskaya@mail.kz
- Сайт
- sc0020.zerenda.akmoedu.kz
- Мекен-жай
Основное здание
Акмолинская область Зерендинский район с.Кызылсая,ул.Центральная 18спортзал
Пошталық мекенжай Акмолинская область Зерендинский район с.Кызылсая,ул.Орталық 18